Posted in

ИТ ЫРҒЫЛЖЫҢ ҚЫЛДЫ (-ЫН ШЫҒАРДЫ)

Не болса соған дауласты, берекесін алды, тыныштық бермеді. ~ Жамбас ақыға жалғыз көз арақ тілеп, мас болса төбелесіп ит ырғылжың қылған соң, жұрт маңайды баспай безіп кетті. Қ.Ысқ. ~Тау, шіркін, адамдардың алқын-жұлқын ақымақ әрекеттерін елең қылмағандай, өзінің мәңгілік екенін, қас-қағым өткінші ит-ырғылжың ырду-дырдуға көзінің қиығын да салмайтынын білдіргісі келгендей, пан-тәкаппар күйінде маңқиып қалыпты. Ш.Мұр. ~ Әкесіне ас бергендей шертіп отырған Әбдіжапардың дастарқанын Сиғат тағы да ит -ырғылжыңын шығарды. Қ.Ысқ.