Posted in

ИТ ЫРҒЫЛЖЫҢ ӨМІР (ТІРЛІК, ТІРШІЛІК)

Дау-дамайы, ырду-дырду таласы бітпейтін беймаза ғұмыр. ~ 40 пен 50-дің арасында, қаладың-қаламадың, әркіммен бір арпылдасқан-алысқан ит ырғылжың өмір басталады. И.Сап. ~ Құрып кетсін! Бұл не өмір болды сонда? Не боп барады мынау ит– ырғылжың тіршілік! Түкке түсінсем бұйырмасын. З.Қаб. ~ Ол кезде дүниенің құны да беш тиын, сүлесоқ тұрып, сүлесоқ жүріп, әйтеуір сілекейдей созылған ит ырғылжың бір тірлікті бастан кешетіні бар. Қ.Ысқ.