Көл-көсір, қыруар көп. ~ Ер Қабанбай ту байлап, Арқар таң атты борбайлап, Ақтамберді айғайлап. Қалмаққа кірді желіге. Қарқ олжаға батысты Қалмақты жеңіп қалың қол, Ит ырғын да көл-көсір Бақыршы тоқ, олжа мол. Д.Баб. ~ Дегенмен, сөз өнерінің құдіреті әлі де талайларды тәубесіне келтіреді деген сенім басым. Теледидарыңыз түңілдірер, интернетіңіз ит-ырғын қайшылықтарға ұрындырар, сонда кіршіксіз әдемі әлемді адамдар әдебиеттен іздейді деген сенім мені күн сайын төсегімнен ерте тұрғызады. С.Олж. ~ Ал жалпы, бізге бәрібір… Бізге тек – қызық керек. Бізге тек – жаңалық болсын!.. …Ал жаңалық дегеніңіз ат-көпір, ит-ырғын. Не өзгерді? Көріп отырсыз – түк те! Т.Шап.
