Posted in

ИТ ҚОСТЫ

Итін айтақтады. ~ Орманнан Қасқыр келді елге қашып, Алақтап, не қыларын білмей сасып, Соңынан бір топ аңшы қиқу салып, Ит қосып келе жатыр, шапқыласып. А.Байт. ~ Елден асқан сотқар боп шықты. Үйінің маңынан бала жүргізбейді. Ит қосады. Тас лақтырады. Тек Нартайға ғана оғаш мінез көрсетпейді. М.Мағ. ~ Құдай ұрғанда солардың барлығы да ауылда туып, сиырға ит қосып ауылда өскендер екен. Н.Дәу.

  1. Біреудің ізіне түсіп, қуғынға ұшыратты, қудалады, күн көрсетпеді.. ~ Шалқыған Жәнібек пен Тұрсын, Жанай, Ит қосты Нұрмұхамбет, Досан, Қанай, Солардың хисабына көз жетпейді, Ол түгіл бір Шақамдай болсаң қалай. Біржан сал. ~ Беті жылтыр ұрғашы көрсек – отқа түсер көбелектей өлгенше өпектедік; пәленшеде жақсы ат бар десе – қолға түсіргенше тыным көрмедік; түн баласы бесті қымыздың күші аздай-ақ үстіне күшәла қосып іштік; жақсының соңына абалатып ит қостық, арыз жаздық, донос жидық, қарадай ол шіркіңді әйкәпір атаңдырып, ел шетіне шығардық … Д.Дос. ~ Қаланың қабағын бағып, Қарадың тағы мұңданып. Ботадай ит қосып қуды-ау, Бөгденің сөзін аударып. Б.Раис.