Сыйғызбады, күн көрсетпеді. ~ Қадірлі болып жүргенің сол ма, Бесқарағайдан ит қосып қуалап жатыр деседі, – деп Қалиасқар құрдасына қабақ астынан көз салды. Ә.Асқ. ~ Сайын далада малын бағып, кейбірі ауылдарда егінін салып жайбарақат өмір кешкен кеңқолтық қазақтарды сусыз, шөлейт кеңістікке ит қосып қуды. Көнбегенін тұтқынға алып итжеккенге айдады. С.Досж. ~ Олар неге сені ит қосып қуғандай ғып оқудан шығарып жібер, университет табалдырығын аттамайтын болсын деп шуласып жатыр!.. Д.Дос.
