Posted in

ИТ ҚУҒАН БҰЗАУДАЙ (ЕШКІДЕЙ) БОЛДЫ

Өлердей қорықты, есі кетті, зәре-құты қалмады. ~ Журналист боласың, қазірдің өзінде дайын журналист екенсің деді ғой, – дедім өзіме өзім. – Ендеше неменеге ит қуған бұзаудай боп, екі танауың шелектей делдиіп, едірең деп келесің?» Ә.Нұрш. ~ Үш баланың әкесі болғанша, инабат біте қоймаған Итжемес жер түбінен ит қуған ешкідей тілі салақтап жетіп кеп, төлеңгіттің сәлемін бір сөзін өзгертпей сол қалпында қайталап айтып беріп, Бопай бәйбіше енді не сұрар екен деп, ауызына қарайды. Ә.Кек.