Posted in

ИТ ӨЛГЕН ЖЕР

Өте қашық, алыс жер, қиян шет. ~ Сәкен енді Меруертпен тілдесті. – Замандас, бұрынғы жылдары Ақмолада болған жоқ па едіңіз? – Сайқын мен Ақмоланың арасы ит өлген жер. Оны не ғып білмедіңіз, – деді Меруерт. Т.Әл. ~ Алла тілеуіңді бергір-ай, жасым жетпістен асқанда ит өлген жерден ит жанымды сүйретіп келіп ем, жібімедің-ау, шырағым-ай!.. Т.Әбд. ~ … Еріктің жалпақ дүниенің барлық қызығынан жеріп, атты адам араға бір қонып, (онда да жаз айында, қыста жан баласы қатынай алмайды) әрең жетер ит өлген жерге кетуінің сырын ешкім де білмейді. О.Бөк. ~ Мынау Сапарғали сонау ит өлген жерден жаяу әрең жетіп отыр. Ана қалған жылқының ішінде бір-екі тұяқтары қалыпты деп жүр едіңдер ғой, соны осы араға әкеліп алдыңа салып беріңдер. Ілбітіп аулына жеткізіп алсын, — деді күйеуіне батылдау сөйлеп. С.Бег.