Posted in

ИТ ӨЛІМ

Абыройсыз қаза, қорлық өлім. ~ Бірақ өлімде мағына бола ма? «Өлдің, Мамай, қор болдың» — сонымен бітті емес пе? Әйтсе де, адамдар тірлікте түрліше өмір сүретіні сияқты, өлімнің де түр- түрі бар ғой. Ит өлім, ешкімге қажеті жоқ бейкүнә өлім, ерлік өлім бар. Бұларды қалай ғана бір қатарға қоярсың?! Қ.Жұм. ~ Жылап тұр. Сыңар аяғына ғана сүйеніп еңіреп тұр… Еңіреп тұр. Сонсоң дауыл қопарған бәйтеректей гүрс етіп сұлап түсті. Бұл не деген ит өлім. Не деген бұл ит өлім. Қамшыгер енді жоқ… О.Бөк.