Әлдебір ауыр ой (жағдай) ауыртпалық түсіріп, еңсесін көтертпеді, жанын күйзелтті. ~ Күндіз-түні бір күдік, бір қауіп жүрегіне оқтай қадалып, қабағын ашқызбай, ас татырмай, ұйқы ұйықтатпай, иығынан басып, салбыратып бара жатты. М.Әу. Осының бәрі жасынан иығынан басқан “тағдыр жазуындай” емсіз дерт болғандықтан, Бақтығұл өзге Сарыдан, қайтсе де, бөлек болмақ болып, ең аяғы ұрлықпен болса да, кісіге жалынбай тіршілік етемін деп талап еткен. М.Әу. ~ Таң атып бір, күн батқан, Бірде жабық, бірде ашық. Көк аспанның зіл-батпан Иығынан тұр басып. Қ.Бұғ.
