Ауыр ойдан құтылып, жаны жай тапты, көңілі шаттанды. ~ Қайда беттерін білмей жетімсіреп отырған жатақтар мына сөзді естігенде, аз да болса серпіліп, иықтарынан бір батпан жүк түскендей жеңілейіп қалды. Қ.Жұм. ~ Биыл иығынан бір батпан жүк түскендей болып, Абдырадан алынатын жаңа тоғанның жұмысын бастап беріп келген Демежанның да бір көңілді шағы еді. Қ.Жұм. ~ Біз, бәріміз де иығымыздан бір батпан жүк түскендей тыныстап қалдық. Қ.Жұм.
