Posted in

ИЫҒЫНА ЖАПТЫ

Ерекше құрмет ретінде бағалы киім сыйлады. ~ Ат–шапан айып сенен емес, менен, ақсақал! — деп үстіндегі зерлі шекпенін шешіп Текебайдың иығына жауыпты. Б.Мом. ~ … кеше мен сенің келіншегіңді көрдім-ей, мәгәзінге келді, шалдардың иығына жабатын бархыт шапан сұрады… Ә.Тар. ~ Құда-құдандал, жекжат-жұрағат, дос-жаран өз алдына бір бөлек құрмет көріп, бас-басының иығына жанат ішік жабылды. А.Сей. ~ Күн қаққан өңін суық тартып ала қойды. Жаңа, мына ақ офицердің көзінше Әли иығына жапқан қара мақпал шапанның жеңін кимей желбегей салып тұр: «Бұлар құрмет білдіріп жатып та қомсынған көңілін жасырмайды. Ә.Нұрп.