Posted in

ИЫҒЫНА (ИЫҚҚА) ШЫҚТЫ

Басынып алды, өктемдік қылды. ~ … Байшораның, кедейдiң қызы екенi де, қолы жеткенi де айтылған. “Кеудеңдi керме, аяғыңды аңдап бас… Көзiңдi ашып қара, кiмнiң иығына шығам деп жүрсiң!” дескен. М.Әу. ~ Мынау жалшы, баласы Құдайбергеннің иығына шығып, бай аулының аруағың қорлап тұрған сияқтанды. І.Жанс. ~ Заманды аздырған себептің бірі осы болса, екіншісі күшті дұшпан. Бұл дұшпан иыққа шығып, қырандай қадалып бағып тұр. Мойын бұрғызбайды. М.Әу.