Иіңкі келген, имек. ~ Жол бермес жүрейін деп жалынсаң да, Естімес айтқан сөзді бағынсаң да, Қақпақты қаққан қазық иір
тұмсық, Ешқандай жақындамас бөтен жанға. Жұмбақ. ~ Көйлектен кейінгі көрсетер қазынасы-тостақ.Тостақтың неше түрі
бар. Иір тұмсық тостақ; сырлы, оюлы тостақ; алтын жиекті тостақ; көгілдір тостақ; ақ фарфор тостақ;кішкентай құмыра
тостақ. Бәрінде де алтын жалатқан: «Кисловодск, 1937» деген жазуы бар. Ш.Мұрт.
