Posted in

ИІР ҚАРА

Қап-қара. ~ Қайырбек дейтін мұртын тазының құйрығындай шығыршықтаған, қыр мұрынды, бұқа көз, шүйдесі тоқпақтай балуан денелі жігіт: «мен крестиянский нашалнік болам» – деді (онда патша заманы еді); иір қара, салпауыз Сарбасов: «Мен енженер болам» деді. Ж.Айм. ~ Жарыса сөйлеген екеуге қарап тұрып, күзет бастығы иір қара мұрнын шүйірді. З.Шүк. ~ Айтпақшы, әлгі Тұрған жынды не істеп жүр, ауылда ма? – деп, иір қара құрбымды жетістіріп еске алдым. Ғ.Қаб. ~ Ақыры есік ашылып, кабинетке басында етегі майысқан көнетоз шляпасы бар, қолына таяқ ұстаған, ұзын бойлы, иір қара шал даурығып сөйлей кірді… Қ.Жұм.