Posted in

ИІСІ МҰРНЫН ЖАРДЫ

Қолқаны жарған өткір иіс туралы. ~ Жаңа аңға шыққандар ізге саламын деп иттің тұмсығын ізге тигізсе, ит қарғып шығып
кетеді. Үйткені іздің иісі иттің мұрнын жарып кете жаздайды да, аңның қалай кеткенін айыра алмайды. А.Байт. ~ Судай жаңа
канистрдің бірінің аузын бұрап босатқан – бензиннің өткір исі мұрнын жарып жібере жаздады. Ә.Тар. ~ Сай бойына біткен
шоқ тоғайлар іші қоңыр салқын. Топырақ дымқыл, шөп жұмсақ. Сылдырап аққан су сыбдыры келеді құлаққа. Итмұрын, долана,
құлмақ иісі мұрын жарады. М.Мағ.