Posted in

ИІСІ АҢҚЫП ТҰР (АҢҚИДЫ)

Әлдебір иіс ерекше сезіліп тұр, мұрын жарады. ~ Көктем иiсi аңқиды. Кеше түнде үстiмiзден тыраулаған тырналардың керуенi ұшып өттi… Т.Жұрт. ~ Өстіп оты рып, бір мезет төсек асындағы тегеш толы бауырсаққа көзі түсті. Иісі аңқып тұр, шіркін! Д.Әш.

  1. Әлдебір шетін жағдайдың шеті көрінеді д.м. ~ Жә, қысқартыңыз, – деді тергеуші дауысын суытып, – шынымды айтсам, сізден Совет өкіметіне деген жаулықтың иісі аңқып тұр. Н.Дәу. ~ Мұнысы мақтағаны ма, мазақтағаны ма білмедім. Бірақ осы анықтамада бір шындықтың иісі аңқиды. Ә.Асқ. ~ Мәссаған, мына қызықты қараңыз, мен жүріп келе жатқан көше — басқа көше. Жо-жоқ, дәл өзі, мен күнделікті жүретін көшенің өзі. Бірақ басқаша, менің көшем емес, тас жолдан өгейліктің иісі аңқиды. Д.Рам.