Тәбет қоздыратын ұнамды иіс туралы. ~ Осындай бір сүр табанды ертерек жегелі, Шыңғыстың аузынан дәмі кетпей, «тағы да бір жесем!» деп арман етуші еді, сондықтан, мына табанның қышқылтым иісі мұрнын қытықтағанда, аузынан сілекейі шұбырып кетті. С.Мұқ. ~ Қою хош иіс мұрнын қытықтап, басын айналдырды. Ш.Айт.
Жұпардай аңқыған иіс хақында. ~ Шағын ғана дастарқан жасапты. Қолындағы сыйын қызға беріп жатып бетінен сүйді. мұрнын француз әтірінің иісі қытықтады. О.Бөк.
