Біреуде кеткен өшінің қарымын қайтарды, есесін жібермеді. ~ Қазір сол әйелдердің бәрі де бізбен бірге соғысып келе жатқандай болып кетеді. Біреуінің кегін алып келеміз, біреуін сағынышпен еске аламыз… Ғ.Мүс. ~ Бүгін ақсақ қойшыны аттың бауырына алып сабағанда — Итқұлы осының кегін алайын деген жоқ. Б.Май. ~ Жәдігер оны қуалап жүріп, найзасымен шаншып өлтірді. Сөйтіп Алпамыс жау мен құлда кеткен кегін қайтарды. Жұртымен табысып, қуанышқа кенелді. А.Сей. ~ Бекіністерге тимегенмен жасақтары арып-ашып ауылдарына қайтқанда өштескен сұлтандарынан кегін қайтарады. І.Ес. ~ Әлде, «алған келіншегіне Өлеуін-үжіннің атын қойған, сәукелелі көйлегін иіскеп» мауқын басқан Шиледу Өлеуін-үжіннің кегін қайырмай жаны жай табады деді ме? Т.Жұрт.
