Posted in

КЕГІ ҚАЙТТЫ

Өшін алып, есесі қайтты. ~ Жекпе-жекте Нұртайды өлтірді… Тықыны өлтірді… өз басы ендігі Жылқайдардың кегі қайтты деп түсінеді. З.Шүк. ~ … ақыры, әлгі итке өшігіп, шикі еттің ішіне ине тығып тастағанмын да, жұтқан ит әлденеше күн жұтынып, азаппен өлгенде, лағымның кегі қайтқандай болды… С.Мұқ. ~ Тықы мен Нұртай қаза тапты. Қазақ кегі қайтты. Жылқаман ізінен ерген жұртты таратып, ауылға беттеді. З.Шүк.