Орайы, сәті түскенде. ~ Кезегі келгенде Қосай да Жолайдың білегінен мықтап ұстайды, бірақ, Жолай да қолын жұлып алады. “Манас”. ~ Жалғыз экскаваторын басқарып қана қоймайды, барлық жұмысқа араласады, кезегі келгенде кетпенші де, жүкші де боп кетеді. С.Мұқ. ~ Отырған жұрттың бір-екеуі әлгінде өз кезегі келгенде айтпай кеткеніне өтініш білдіргендей Арманға қарап еді, бірқатары жастар туралы пікірін орындарында отырып-ақ айтты. Қ.Тұрс.
