Posted in

КЕЗЕК БЕРДІ

Басқаға жол берді. ~ Дәрмен өзгелердей шабынған да жоқ, қолына да түкірген жоқ, арбасқан да жоқ. Жайымен аяндап келіп: — Сен өзің әлуетті көрінесің ғой, әуелі сен ұсташы!— деп ыржыңдап, Нығманға кезек берді. Ж.Айм. ~ Кешкі ас ішіліп, дастархан жиылған соң, әншілер мен ақындарға кезек берілді. Т.Сәу. ~ Мен немереме: «Бұл қалай?» дедім. Ол: «Ата, енді кадр туралы айтқан жігіттің не дегенін тыңдайық» деп, оған да кезек берді. Ғ.Қаб.