Килігіп, даурығып сөйлей берді. ~ Манадан бері әлдене айтқысы келіп, бірнеше оқталып еді, жұрт кезек бермеді. Енді, семіздің жайы сөз болған кезде, шыдамай киіп кетті… Ғ.Мұст. ~ Бұл кезде үйде отырғандар да шыққан. Жұрт бір-біріне кезек бермей даурығысып кетті. З.Шүк.
- Ешкімге жол бермеді. ~ Бұрын- сонды кеудесіне оралмаған күшті сезімнің шарпуы ма, әйтеуір басқаға кезек бермей бір күйден соң бір күйді аңыратып еді. С.См.
