Posted in

КЕЙІНГЕ (АРТЫНА) СӨЗ ҚАЛДЫРДЫ

Өзінен кейін айтқан, жазған құнды ойлары, тәлімді сөздері, озық туындылары қалды. ~ Сыйласып құрметінде болып жүрген, Жақсы аға Төлегеннен болса дағы. Кейінге осылайша сөз қалдырған, Артық деп Төлегеннің әруағы. “Қыз Жібек”. ~ Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? Абай.