Қас-қабағымен, кескін-келбеті, бет-әлпетімен емеурінін, ойын, ыңғайын танытты. ~ Алдамай–ақ қой, мен енді саған бәрібір сенбеймін. Сондықтан саған өлім! Тек қана өлім!.. – Бейбарыс… – деді Құтыз жалынышты кейіп танытып, – Сен әлі сұлтан боласың! Д.Рам. ~ Қуаныш дегенің мәнсіз қиқу ма? Қызықпаймын! Жоламаймын! – Ол жақтырмаған кейіп танытты. С.Әбік. ~ Бар жайды көріп, біліп отырған сәугей кісінің көлденең сөзді құлағына ілмейтін кейпін танытты. Ә.Нұрп.
