Posted in

КЕК КӨРДІ

Өшікті, өкпе сақтады, намыс көрді. ~ Бала қойшы Сүлейменнен қашып келеді. Ол кешегі таяқты кек көрді. Ол таяқ бұдан былай қойшы басына әруақытта ойнап тұратын сияқтанды. І.Жанс. ~ Өй, тәйір-ай, сол ма?–десті үйдегілер,– ұрып не қирата қойды дейсің! Бірер нұқып қалғанды кек көріп жатқан ғой, қарай ғой ана шірік неменің шамшылын? С.Мұқ. ~ Содан иттің күнін көріп жүрмін ғой. Бірақ, өзіне тіс-тырнақ, айбар көрсетіп, үргені, басынып абалағаны үшін кек көріп, намыс ойлап ит екеш ит те таласады. Ғ.Біл.