Көңіліне алмады. ~ Жәбірленушілер ол ойын аңғармай «төре баласының далдан дауы» деп не қылық жасаса да кек көрмейтін, «баламен бала болмайық» деп, әрі Шыңғыстан қаймығып, бетке қақпайтын … С.Мұқ. ~ Кейде ол Сатыбалдының өзін де, балаларын да «танауыңды…» деп сыбап алады. Ырысы көретін Бошыбайдың ол боқтауын Сатыбалды еш уақытта кек көрмей, «болды, шошқа, болды!» деп күледі де қояды. С.Мұқ.
