Posted in

КЕЛІ ТҮБІ

Тарысын түюге көмектескен адамдарға үй иесі азғана болса да сөк береді. Соны келі түбі деп атайды. ~ Шоңмұрын деген молдасы бар, Төлеген деген жорғасы бар. Атына жемді салуға Алты еннен қылған дорбасы бар. Келі түбім деп алады, Кеусенім деп алады. Отыра зекет деп алады, Құшақ зекет деп алады. Арқадан келген сор найман Аң-таң болып қалады. А.Байт. ~ Қолкесер, “қол қайыр” деген сияқты бұл да еңбекті бағалау, риза болу салтының бір түрі. Ол егін ору, тары түю, май шайқау, соғым союға қатысқан кісілерге берілетін шартты сыбаға. БАҚ.