.Бар күшін салып, дүңкілдетіп соққылау туралы. ~ Жан ұшыра түрегелгенде жеңіл салмақты жігіт көлбақаша тарбаңдап бұның арқасында кетті. Сол қолымен бұны шалқайта буындырып, он қолымен төбеден келі түйгендей дүрсітіп ұрып отыр. С.Ел. ~ Жаманат жатсын ба, «19 бен 31 жастың арасындағы жігіттің барлығы соғысқа айдалады екен» деген хабар бір күн, бір түн ішінде Арғын, Найман жатқан өлкені келі түйгендей дүңкілдетті. І.Жанс. ~ Мұның мәнісі жау самолеттері үстіңе шығып алып келі түйгендей төбеңнен бомбамен түйгіштегенде соған көну керек деген сөз. Ә.Нұрш. ~ Тоң болып қатып қалған жердің аса қиындықпен қазылып жатқаны көрініп тұр, қабіршілердің бәрі де қара терге түскен, үсті– бастары топырақ– топырақ, үшкір темір күрекпен келі түйгендей бар күшін салып гүрсілдетіп ояды. С.Мұр.
- Гүмпілдеп, дүңкілдеп естілген ерсі дыбыстың сипаты. ~ Соңындағы қолдың да рәпеті бұзылып, келіге түсіп шыққандай кісілік қалыптан айырылған. Сақалдары қауқиып, көздері ұңғысына кіріп, кіртиіп кеткен. Жортқан мезетте аттарының іші келі түйгендей дыбыс шығарады. Д.Дос.~ Көптен бері шабыс көрмеген бұның тұла бойының зілі тарар емес. Қара қатқыл жазыққа тиген тұяқ дүсірі де келі түйгендей дүңк-дүңк етіп, тым ерсі естіледі. Ә.Кек.
