Азғана уақыт, бірер күн. ~ Сайып келгенде соның бәрі күні жеткенде қайтарып алатын кемді күнгі қарыз ғана. Ә.Нұрп. ~ Ал соның бәрі баянсыз. Бәрі кемді күн көз алдар, көңіл аулар өлшеулі болғанда, қайта осы мына адам бойындағы сезімнің өмірі ұзақ. Ә.Нұрп. ~ Кемді күннен кейін Әншиді басып өтіп, Тула, Сұр, Ақшоқыда тосып отырған Елісхан ауылдарына барып қосылды Ғ.Біл. ~ Міне, содан Боранқұл сол бетінше қалып қойды. Кемді күн Зипәгүлдің қасында болып, соңынан Семейге тартты. Ғ.Біл. ~ Сүйтіп, сенің Сырдариядағы қамау судың балығына қолың жетті. Іші-сыртың майланды. Ал, кәне, ойланшы. Соның бәрі кемді күн көңіл делбеу, өзіңді өзің алдарқату емес пе? Ә.Нұрп.
