Posted in

КЕМ ТҰТТЫ (КӨРДІ)

Өзінен төмен санады; теңі деп білмеді. ~ Анау тірлік анау қоңторғай тірлік құлатөбел тіршілік өмір бойы балалық дәуренде де, өспірім кезде де өзін өзгелерден кем тұтқызған, өксіте қорлантқан кебі екен ғой. С.См. ~ Керек болса, жалғыз ұлым Бектасты да беремін. Ол онсыз да екі үйдің ортасындағы бала болып кетті, сені менен артық көрмесе, кем көрмейді. Ш.Айт.