Үлесінен айрылды; жұртқа ілеспеді; мақрұм болды, құр алақан қалды. ~ Жұрт тамаққа əбден тойып, күйшілер скрипкесін, қобызын күйлеген кезде жігіттер Ленені ортаға алып жатқанын Мұрданың көзі шалды. Арақтан кенде болған кісі жоқ. Ж.Айм. ~ Және де сұлулыққа, көркемдікке қызықпаған жазушының өз шығармасында сұлу дүниенің сымбатын салуы да мүмкін емес. Осы жағынан қарағанда Мұхаңдар бұл екеуіненде кенде болған жоқ. Ж.Шәк. ~ Құдай енді осымның қызығын көрсетсе, ештеңеден кенде қалдым деп қынжылмаймын. Б.Нұрж.
.
