Posted in

КЕНДЕ ЕМЕС

Құр алақан емес, тапшылық көрмейді. ~ Онда орыс учительдерін ұстайды екен. Кіші ұлы Шабдан Петербурда оқиды. Басқа ұл-қыздары да білімнен кенде емес. Өздері шетінен сұлу. О.Бөк. ~ Карл Маркс, әрине, ақылдан кенде емес. Кейбір айтқандары – шын данышпандық. Ш.Мұр. ~ Оның жанындағы пысықтар бақай қулықтан кенде емес екен. Ж.Шәк.