Мән-мағынасы, қарымы жоқ. ~ «Несі бар оның?» деп, Тұяқты мақта білтелеген болды. Бірақ оның бəрі тек шеше болған соң айтылған, қара судай кенеуі жоқ, бос сөз екенін Күнікей де ұқты, шешесі де сезді. Ж.Айм. ~ Мағаш бұл екеуін қатарынан мысқыл етті. – Тапқан екенсіңдер, шын шешенді. “Кенеуі жоқ кей билер, құр зорлайды тақпаққа” – дегені қане?! М.Әу. ~ Жұмыртқа – жеңсік ас, әрі тоқ. Кейде әкесі қарабауыр, бұлдырық секілді құстарды аулайды. «Құс етінің кенеуі жоқ», – деп үлкендер онша тамақсынбағанмен, құс еті дәмді. Қарын аш болмайды. Ү.Жәл.
