Сәнінен айрылды, ұсқыны қашты, берекесі кетті; азып-тозды. ~ Тоқсанның келгендегі мақсаты, екі жақты қандастарына
ынтымаққа келтіріп татуластыру еді. Екі жақтың, әсіресе Есенейдің тамырын басып байқаса, кенеуі кетіп қалған дүние
сияқты. С.Мұқ. ~ Беті домбығып іскен Алшағырдың кенеуі кетіпті; көлкілдеген көз алды қалта-қалта, қабағынан қар жауады,
түстеп танымағандай Елтайға сүзіле қарады да, босағаны қапсыра ұстап сілкінді, есікті маңдайымен бір періп сыртқа кетті,
көп ұзамай қақырынып-түкірініп жатты. М.Қаб. ~ «Бұларға иліге салыңдар», − деп аналарға да айта алмайсың. Кенеуі кетіп
қалған ел, қисыны қашқан қиғаш шаруа… Ә.Кек.
