Posted in

КЕНЕШЕ ЖАБЫСТЫ

Жабысып алып, айрылмады, жібермеді. ~ Есікті ашып қалсам… екеуі бір-біріне кенеше жабысып алыпты. Айрылмайды. Ана біреу дүрдік ерін сарысы жеп жіберетіндей. С.Шай. ~ Әйтсе де Қордайда келмеске кеткен кеңестік көше атауларына әлі күнге кенеше жабысып айырылмай отырған ауыл бар дегенге сенесіз бе? БАҚ. ~ Отары ащылы өзекке кенеше жабысып тебіндей бастады да, Доскен қыр басына шықты. Ө.Кәр.