Posted in

КЕРБЕЗ БАСТЫ

Аяғын сылқымдана, тәкаппарлана, мүсінін көрсете басты. ~ Бибәтима өзгенің қызғанышына айызы қанатындай, қыр көрсете, аяғын кербез басып, дәл төрге кесірлене отырды. Т.Әбд. * Топтың алдында Әбіштің айқын түсті қара жал алтын сары аты көлдеңдеп, кербез басып, ауыздықпен алыстырып келеді. М.Әу. * Рая «мінеки, нағыз жігіт осындай болады – сендер неге осындай емессіңдер» дегендей қалған екеуіне назданып, кінәлай қарады да, аяғын кербез басып, топ–толық кеудесін дірілдетіп төрге шықты. Т.Әбд. * … қоңыраулы шолпыларын сылдырлатып кербез басқан үй- үйдің арасындағы кермиық қыз – келіншектерге ұрлана көз тастап, барлап отырған бұл топтағы жас мөлшері жігіт ағасынан аса қоймағандарының көңіл құртын жыбырлатып кеткен көктем шіркіннің құдіреті де шығар С.См. * Ашылды шиқыл қағып бір кезде есік, Далаға қыз да шықты кербез басып. БС. “Жүніс жетім”.