Posted in

КЕРБЕЗ СҰЛУ

Көркіне қылығы сай, өз бағасын білетін, тәкаппарлығы бар, сылқым ару. * Батып бара жатқан күн көзінің дәл оң жақ үстінен ай туыпты. Үйелеп жатып та қалмай, шалқалап құлап та кетпей, кербез сұлудың құлағындағы күміс сырғадай сызылып әдемі туыпты. Ә.Кек. * Гүл өзінің әдемі ажарына сәйкес сыланып, тарануды онша жек кірмейтін. Керілген кербез сұлу Гүл уақытының кебін айнаның алдында өткізетін. Б.Бұлқ.