Posted in

КЕРДЕҢ ЖҮРІС

Дандайсып, маңғаздана жүру. ~ Жұрт сілтідей тына қалған. Бір уақытта қақ ортадан опырыла қозғалып Ақай Қосымов түрегелді. Кердең жүріспен ахунға жақындады. Ә.Кек. ~ Әділеттің бары рас болса, Айтқали осының бәріне қашанғы төзбек? Кеңірдегін көкке ілген кердең жүрісіне тұсау салар кез бола ма, жоқ па? Ә.Асқ. ~ Қазақтың бағы жүрсе – кәукілдеген мақтан әңгімесі, гулеген өсегі, кеңірдегін күнге, кіндігін айға ілген кердең жүрісі көбейіп, қараптан-қарап іші жарылып, бұтқа толып болады. Ә.Кек.