Маңғазданды; әлдеқандай болды; аяғын алшаң басты.
~ Естімеген, жат әнге тамақтан жіберіп, Мәметте басты. Қыли көзін жын соққандай төңкеріп, қолында қызыл жалау семинаристердің алдында қоқиланып кердең басып келеді. Ж.Айм. ~ Тізесі дірілдер көкжасық шалың емес, кердең басар кеудемсоқ жүрісінен жаңылмапты әлі. С.См. ~ Жалт қарасам,— Мырқы. Өте көңілді. Ол кердең-кердең басып келді де, маған жұмсақ саусақтарын ұсынды. Т.Берд. ~ Еркек шіркіннің көзі кейде көз емес, без боп кетеді ғой. Сонысына қарамай қара таңқайың паң, тәкаппар. Кердең-кердең басқанда аяғының асты ойылып кете жаздайды. Т.Сәук. ~ Бір әйел баласын көтере алмай қан сорпасы шығып келе жатса, бедеу келіншек құйрығы қайқаңдап кердең – кердең басып жүре бермек пе? Т.Ахт.
