Posted in

КЕРІ БОЛДЫ

Басына келді; “сол сықылды болды”, кебін киді. * Құланыңды бауыздар желіге айдап. Құраныңның өртенер соры қайнап, Қайда барсаң Қорқыттың кері болып, Қонысыңнан ауарсың «Елімайлап». М.Мақ. * Ауруды алтын төсек жұбатпастың кері болып, көңілің көнбеген соң кетіп барасың – ау, қайран ер! Көлінен кеткен құстай болдыңдар – ау! — деп жүректі адамиың сыпатын бірден – ақ танытады. Ж.Ахм. * Күре өздерінің шеруге шығып кеткен сол әкімсымағының із-түзсіз, қайда, кім өлтіргенін нақтап біле алмай, «иесіз таяққа ит үрместің» кері болып іштен тына, аңтарылып қалса да, өздерінше секемденіп ойлағанда, Керімбектен қауіп күтіп «сол» деп жорамалдаған. Ж.Ахм. * — Біз Мамозы екеуміздікі екі суайт бірін-бірі иландыра алмайдының кері болып отыр. Мен өзімді өзім ақтамаймын. Ж.Ахм.