Posted in

КЕРІ ӘСЕРІН ТИГІЗДІ (КЕРІ ӘСЕР ЕТТІ)

Зиян келтірді, кері ықпал жасады.~ Сіз айтып отырған табиғаттан қазір айырылып қалдық емес пе? Экологияны қайда қоямыз? Осының бәрі төрт түліктің көбеюіне кері әсерін тигізбей ме? Қ.Бегм. * Өйткені баланы қымтап, құндақтап табиғи нәрселерден мүлде тыс ұстасақ, онда керісінше денсаулығына кері әсер етеді. Ж.Баб. * Теледидар деген «бәле» шықты да, қаншама жас буынның санасын улап, мінез-құлқын өзгертіп жатыр. Балалардың адами болмысын өзгертіп жатыр. Олардың ғылымына, біліміне, көзқарасына кері әсерін тигізуде. Бұл – келе жатқан апат. Ж.Баб.