Оты мол, суы мөлдір, шөбі шүйгін, қырдағы жайлау. ~ Жаздық демалысқа тарап, үйіне келсе, екі үй іргелерін бөлмей, осы өзен бойында отыр екен. Кер жайлауға кейіндеп көтерілетін ауылдар, осындай орта жайлаудың шөбін тұяқ кесті, таптаурын етіп, сосын соныға тартатын. Т.Рыск. ~ Жетісу, Алтай сияқты таулы-тасты аймақтардағы жолдың ойлы-қырлы, күдір болып келуіне байланысты көшпелілер тау шатқалдарын бойлай етекте отыратын жайлау ой жайлау, одан биіктегісі бөктер жайлау, бөктерден жоғарғысы төр жайлау, ең биіктегісі кер жайлау деп аталады. “El.kz.” ~ Ауасы салқын, суы мөлдір, шөбі шүйгін ең биіктегі жайлау кер жайлау деп аталған. “El.kz.” ~ Шың түгіл төмпешіктер соны айтады,
Кер жайлау, керуен өмір соны айтады Батыстың барлық жері кеңдігіндей Кең өлкем айтпағанда кім айтады?! Д.Әбіл.
