Саусағын қимылдатқысы келмейтін еріншек, кежір адам. ~ Нәзира ақылы келте, оң мен солын түгендеуге; терең ойлауға кер жалқау еді. М.Сүн. ~ Қатқаны!.. — Қылаңхан төменге үңіліп Көрбикенің түгініне түкіргендей болды. — Қоясы тастауға да кісі жалдайтын кер жалқау жұрт та! Қ.Ысқ. ~ Әдетте Майра мынау Айжандай қатындардың бос, болбыр, терең ойлауға кер жалқау, болмашыдан қайғы- қасіретті жасап, өзі соған батпақтап, күйеуін ұшындырып, ошағын бұзып, қалай құраудың, басын біріктірудің қисынын келтірудің орнына онан әрі ірітіп, шат- шәлекейге түсетіндердің осы ауылда талайын көрген… М.Сүн.
