Posted in

КЕСЕК СӨЗ

Жасқанбай айтылған ірі, өткір сөз. ~ … он бестегі оғылан Қаз дауысты Қазыбектің Қоңтəжі ханға айтқан: «Біз – қазақ деген елміз!» – деп бастайтын алтын кесек сөздері ұлтымыздың жадында мәңгі қалған жоқ па?! Ж.Аяз. * Сонан кейін «Әй, Сәдірбектін тұқымдары! » деп айқайлады да оған да бір құлақ сарсытар кесек сөзді жалғап қойып «Сіздер менімен ойнамаңдар! » деп кіжінді. С.Ел. ~ Аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермей үйренiп қалған Қамбар да мынау аузынан ана сүтi кеппей жатып, тақылдаған өспiрiмнiң кердең тұрыс, кесек сөзiне қарсы бүкiл болмысы атой салғандай, ашумен тiл қатты. К.Сег.