Posted in

КЕСЕК СӨЙЛЕДІ

Ойын батыл, зілмен жеткізді. ~ Ақан іркіліп қалды. – Қаймана қазақтың, қарабайыр қызы емес, атақты Жүсіп Төренің қызы болса осылай кесек сөйлесе керек-ті. Мұнысы, -Үлкенсің, тым үлкенсің! -дегені. А.Алт. * Жансыздардың астыртын мәліметі бойынша, Демежан жүрген жерінде тым кесек сөйлейтін көрінеді. Қ.Жұм. * Түзде батыр атанып, қылыш асынып, найза iлгенмен, Қасқақ Қасқақ болғалы әйел затын былай қойғанда, ер азаматтарға орынсыз күш көрсетiп көрмептi. Тiптi сөздi кесек сөйлеп, келiспес әңгiме айтып көрмептi. К.Сег.