Posted in

КЕСЕЛ (БОП) ЖАБЫСТЫ

Залалы тиді. ~ Сабырдың мінезі өзгеріп сала берді. Бір жолы өзінің жігерлі жырларына ұқсамайтын, тіпті Сабыр жазды деуге келмейтін өлең оқыды. Ол кесел боп жабысқан поэмасының бас жағы болатын. Ш.Айт. ~ Тек көкейіндегі көк түтін мәселесі жуық маңда есінен шыға қоймайды. Көк шыбықтай булығып өсіп келе жатқан бүлдіршіндерге кесел боп жабыспаса сол– ақ. Қ.Жиен. ~ Болашағын біле– білсе адамның бәрі әулие. Өспейтін елдің баласына келіспейтін кесел жабысады. Т.Рыск. ~ Тамырыма көмген алтын кесел болып,
Қуартып жапырағымды тұрмын солып. БС. “Кезбе шал”.