Posted in

КЕСЕЛ ЖАСАДЫ (БОЛДЫ, КЕЛТІРДІ)

Зиянын тигізді, кесапат келтірді. ~ «Ер намысы — ел намысы» дегендей сол бір ошақтың жоғын жоқтап, намысын, абыройын жыртысқандай сыңайлары байқалады; ниеттері түзу. Шынтуайтына келгенде, кесел жасап, ушықтырып кетерлерін білмейді. М.Сүн. ~ Қап, аналар қожайындарына айтып баратын болды– ау. Дохалдай доңыз бір кесел жасап жүрмесе не қылсын?! — деді Бөке әлденеден қауіптенгендей. Қ.Жұм.~ Тағы да бар көк өгіз, Осында бар көп өгіз. Бар да көзін тез жоғалт, Кесел болып тұр бұл ат. С.Тор. * Мүмкін емес, менің әлі оқитын оқуым бар. Оны бұнда сарғайта алмаймын. Басын байлап, бағына кесел бола алмаймын. М.Әу. *. Секретарь күмпілі кеше ғана басылған апат соғысты еске салды. Халқымыздың өмірінде соғыс кеселдік келтірмеген сала жоқ. Б.Соқп. * Абатқа обал болды-ау, менің бір езулігім оған да кесірін тигізіп, кесел келтірді-ау деп кейде қысылып та қоямын. Б.Қыд.