Posted in

КЕСТЕЛІ ОРАМАЛ

Қыздың қолынан шыққан, кестемен өрнектелген әдемі орамал; сүйген жігітіне шынайы ықыласын білдіру үшін сыйға тартатын дәстүрі болған. * Құлтуманы қойшы, о түгілі Күнікейге жаңа көрпе, жастыққа тыс, кестелі орамал, ақ шымылдық, сары қол сандық, қызыл сал керек. Ж.Айм. ~ Қазақтың салты бойынша көкпарды шабандоз қызы бар үйге салады. Сол үйдің қызы кестелі орамал алып шығып беруші еді. Сіз, Ақа, жігітті үйге салып отырсыз. Б.Мом. * Бексана енді ғана түйіншекті ашты. Бір шөкім топырақ салған тұмар, тобылғыдан тізген алқа, кестелі орамал, бір тал жусан түйіліпті. С.См. ~ Мен әдейі орамал алып шықтым, — деп жұбайы қол сөмкесінен кестелі көк орамал алып, басына салғанда Гүлімнің бет- әлпеті бұрынғыдан өзгеріп, өңінде әдемі нұр шалқып қоя берді. Қ.Түм. * Суды Мұрыншақтан тартып Қазиза құя бастағанда, қыз қолына таза, кестелі орамалын алып, кісі алдында кішкене тұрып қалды… Ж.Ахм.