“Қиыннан қиыстырған” әдемі, ойлы, суретті сөз. * Абай бұл тұста Бегештің шешендігін бағалай отырып, сәл ғана бір ауыр ойдың ащы шындығын со Бегештің өзінің шешендігіне сай етіп, оның айтқан кестелі тіліне мегзей сөйлеп, қысқа қайырды. М.Әу. * Қазақта қара сөзге шеберлік әдебиет майданында әлі жете алмай келеді. Сұлу, қысқа, дәмді, суретті қара сөз, күйлі, әуезді, кестелі қара сөз бізде әлі жоқ. Ж.Айм. * Екінші жіктің өлеңшілері – Ахмет Байтұрсынов, Сәбит Дөнентаев, Шәһкәрім, Бекет Өтетілеуов. Бүлардың өлеңі сырты төгілген сүлу, тілі кестелі, анық, халықтың үғымына, оқуына жеңіл, тәтті. Ж.Айм. * Бұл кезде үлкен үйде құдалық жайы айтылып жатқан. Ыбырай ұзақ сөйлеп, кестелі сөзбен орағытып отырып Қорамсаның құда түсу ниетін айтқанда Сүлеймен басын салбыратып, қызын жат жұртқа қимайтын әке қалпымен дөң мұрнын сипалап ойланып қалды. С.Жүн. * Аздан соң Мағаш пен Кәкітайдың анық аңдағаны, бұлар Абайдың басынан кешкен былтырғы ауыр жайды сөз етеді екен. Мағаш пен Кәкітай өздері жүрген ортада көп естімейтін айшықты, кестелі сөз әуелгі Бегештен шықты. М.Әу. * Харитонның кеудесінде Сейілбектің: «Өзен бұлақтан тарайды» деген кестелі сөзі күмбірлейді. С.Ом.
