Posted in

КЕСІМДІ МЕРЗІМ (УАҚЫТ)

Белгіленген мөлшерлі уақыт. * Сентябрде жігіт алына бастайтын кесімді мезгіл жақындаған сайын, ауа күшейіп, азамат атқа мініп топтанып, қолына түскен қаруын ұстап, патша жарлығына көнбеске айналғаны білінді. А.Байт. ~ Мен сізден ештеңе де өтінбеймін! – Елизавета тұнжыраған жанарын төңкеріп, тік қарады. – Тағдыр осылай болса, не шара. Кесімді мерзімді ел қатарлы өтеймін. Т.Сәук. ~ Ешкім түн ортасында жылы төсектен сирағымнан суырып алып: «Айда марш! Қойшыларға жем, шөп, тұз тасы!»—демейді. Білетінім асфальт жол, график, кесімді уақыт. М.Қаб. ~ Оның үстіне іссапардың кесімді уақыты да бітіп еді. С.Дос.